Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Қайрат» пен «Астана» арасындағы «алтын матчтың» өтеніні күні мен уақыты белгілі болды

Астана ФК

Алматылық «Қайрат» пен астаналық «Астана» 2025 жылғы Қазақстан футбол чемпионатының жеңімпазын анықтайды. Бұл кездесу Қазақстан Премьер-лигасының (КПЛ) соңғы – 26-туры аясында өтеді. «Қайрат» пен «Астана» арасындағы матч 26 қазан күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Чемпион атану үшін не қажет?

Қазір турнир кестесінде «Қайрат» 58 ұпаймен бірінші орында тұр, ал екінші орында келе жатқан «Астана» екі ұпайға артта қалып отыр. Осылайша, чемпион атану үшін «Қайратқа» тең ойын жеткілікті болса, «Астананың» тек жеңісі ғана керек.

«Астананың» күміс жүлдесі де қауіпте ме?

Айта кетейік, Қостанайдың «Тобылы» да екінші орынға шығуға математикалық мүмкіндігі бар. Ол үшін «Астана» «Қайраттан» ірі есеппен жеңілуі тиіс, ал «Тобыл» соңғы турда «Ұлытауды» ірі есеппен ұтуы қажет.

«Ақтөбе» еурокубоксіз қалды

Николай Костовтың шәкірттері 25-турда «Астанадан» 3:5 есебімен жеңіліп, Конференция лигасына жолдама алу мүмкіндігінен іс жүзінде айырылды. Еурокубокке шығу үшін «Ақтөбеге» соңғы турда «Ордабасыны» ірі есеппен жеңуі және «Елімайдың» «Атыраудан» ұтылуы қажет.

ҚПЛ клубтары еурокубоктерге қалай қатысады?

Қазақстаннан төрт команда 2026/27 маусымында еурокубоктерде өнер көрсетеді. Олар Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасындағы орындарды бөліседі.

Қазақстан чемпионы — Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінен бастайды.

Күміс жүлдегер — Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастайды.

Қола жүлдегер — Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Төртінші орын иегері — Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде ойнайды.

Ұқсас жаңалықтар

Кентауда заманауи жаттығу залы ашылды

Redaktor

Бибісара Асаубаева Гран-приде екінші орын алды

Redaktor

Бұрын «Таразда» ойнаған футболшы QFL-ге басшы болып тағайындалды

admin_beksports

Пікір жазу