Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Барлығыңды Қайрат асырап отыр»: Гүлзира Айдарбекованың екінші келіні үн қатты

Фото: Әлеуметтік желі

Гүлзира Айдарбекованың екінші келіні, Айгерім Саркенова, әлеуметтік желіде өз атына және отбасына бағытталған теріс пікірлерге байланысты үн қатты.

Айгерімнің айтуынша, ол көп жағдайда сынға сабырмен қарайды, алайда отбасының абыройына нұқсан келтіретін жалған айыптауларға бейжай қала алмайды.

«Жиі кездесетін жағымсыз пікірлерге сабырмен қараймын, себебі олардың шындыққа еш қатысы жоқ екенін білемін. Бірақ мұндай сөздер менің немесе отбасымның абыройын қорлауға айналғанда, үнсіз қалу — менің табиғатыма жат», — деп жазды ол.

Сондай-ақ, Айгерім кейбір адамдардың «бұл отбасы біреудің есебінен өмір сүреді» деген пікірлеріне жауап берді.

«Біздің отбасымызда масштабты адам бар. Бұл біз үшін үлкен құрмет. Әрине, мұндай туыстық байланыстар кейде мүмкіндіктер ашады, бірақ есіктер тек алға ұмтылғандарға ғана ашылады. Барлығы адамның өз еңбегіне, ақылына және табандылығына байланысты. Біз үшін масылдық — жат ұғым», — деді ол.

Айгерім Саркенова халықты жалған пікір мен үстірт бағалаудан аулақ болуға шақырды:

«Адамдар тек сыртқы жағын көреді, ал кадр сыртында ең маңызды нәрселер қалады. Сондықтан ешкімнің еңбегін бағаламай, білмей тұрып үкім шығармаңыздар. Уақыт бәрін өз орнына қояды – шындық әрқашан жарыққа шығады».

Желі қолданушыларының біразы келіннің сабырлы әрі парасатты жауабын қолдап, оған жылы лебіздерін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімова туралы сұраққа ашулы жауап берді

Redaktor

Заңғар Нұртас ағасы Қайрат Нұртастың отбасына қатысты пікір білдіргендерді сынға алды

Redaktor

10 жас кіші жігітке тұрмысқа актриса жылап қалды

Redaktor

Пікір жазу