Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Сәкен мен Махмұдтың теке-тіресі жалғасады: Сәкен Бибосынов маңызды жеңісіне қол жеткізді

ҰОК

Семей қаласында өткен бокстан Қазақстан чемпионатының финалында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тартысты жекпе-жек өтті. Рингке Түркістан облысының өкілі Сәкен Бибосынов пен Қызылорда облысынан келген Нұрсұлтан Алтынбек шықты.

Жекпе-жек алғашқы секундтардан-ақ жанкүйерлердің үмітін ақтады. Екі боксшы да жоғары жылдамдықта, барынша зейін қойып, техникалық тұрғыда сауатты өнер көрсетті. Бірінші раундта айқын басымдық болмағанымен, U-22 санатындағы Азияның екі дүркін чемпионы Алтынбек 3:2 есебімен аз ғана артықшылыққа ие болды.

Алайда екінші раундта басымдық толықтай Сәкен Бибосыновтың қолына өтті. Қазақстан құрамасының көшбасшысы, 2021 жылғы әлем чемпионы және Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері қарсыласын айқын басымдықпен ұтты – 5:0.

Шешуші үшінші раундта та Сәкен Бибосынов мықтылық танытып, ел чемпионы атанды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Семейден» басым түсті

Redaktor

Ресей теннисшілері жаппай Өзбекстан азаматтығын алып жатыр

Redaktor

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі

Redaktor

Пікір жазу