Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Актер Нұрсұлтан Жақсыген жаңа сүйіктісін көрсетті

Фото: sn.kz

Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыген жеке өміріне қатысты жаңалығымен бөлісті.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында дін жолына түскен, орамал таққан бойжеткеннің фотосын жариялап, оған арнаған жазбасымен көпшіліктің назарын аударды.

«Ғашық болудан адам шаршамайды. Ләззат алады. Салауатын үзбейді, ең бастысы», – деп жазды актер.

Алайда желі қолданушыларының арасында әртүрлі пікірлер айтылды. Кейбірі «Бұрынғы әйелін тез ұмытты» деп пікір қалдырған.

Оған Нұрсұлтан Жақсыген:

«Қараңғыда жарық шам жағып келген жанды бағала. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақыты бітті. Пойыздан түсіп қалды», – деп жауап берді.

Айта кетейік, актер бұған дейін де жеке өміріне қатысты ашық мәлімдемелер жасап, өзінің өмірлік ұстанымдарын жиі бөлісіп отыратын.

Ұқсас жаңалықтар

«Құдай-ау, неткен еркек»: Динара Сәтжан күйеуінің ерекше суретін жариялады

Redaktor

Мария Мудряк «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

Redaktor

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйеліне қатысты ақпарат тарады

Redaktor

Пікір жазу