Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Жаныма түскен қайғы жазылмастай»: Бағдат Әшімова іштегі сырын ақтарды

Фото: әлеуметтік желі

Қазақстанның Халық әртісі, қазақ өнерінің аңыз тұлғасы Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялап, өмірден өткен жарын сағынышпен еске алды.

Жазбада ол арада қырық күн өтсе де, жүректегі қайғының әлі де басылмағанын айтып, марқұмға деген сағынышы мен ішкі мұңын поэтикалық жолдар арқылы жеткізген. Сонымен қатар Алладан жарының жаны жәннатта болып, жатқан жерінің нұрлы болуын тілеген.

«Жан бөлек. Жан бөлек! Аскенсіз өткен қырық күн, қырық түн.
Алладан сұрарым – пейіштің төрінен орын бер, жатқан жерін нұрлы ете гөр.

Қаратқан келбетіне әз ғаламды,
Батырым айбалталы бөзге оранды.
Қырық күн құлағалы құлагерім,
Уақыт, емші екенсің, жаз, жарамды.

Қайтейін хәл-күйімді серпілмеген,
Көзіме жас келеді мөлтілдеген.
Жаныма түскен қайғы жазылмастай,
Алысқан адамдаймын дертімменен»,
– деп жазды ол.

Бұл жазба желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп, көпшілік тарапынан көңіл айту мен қолдау сөздеріне толы пікірлер қалдырылды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жеңiс Ысқабай (@zhenis_iskabay)

Ұқсас жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова немерелері туралы қауесетке нүкте қойды

Redaktor

«Құдай-ау, неткен еркек»: Динара Сәтжан күйеуінің ерекше суретін жариялады

Redaktor

Димаш Мұхтар Шахановтың үйіне көңіл айтуға барды

Redaktor