Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

«Менімен жұдырықтасуға қорқады»: үш дүркін чемпион Жәнібек Әлімханұлын тығырыққа тіреді

Фото: Getty Images

Ұлыбританияның үш дүркін чемпионы Дензел Бентли (21-3-1, 17 КО) орта салмақтың көшбасшысы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 КО) қарсы реванш өткізгісі келетінін әлі де жасырмайды.

Боксшының промоутері Фрэнк Уорреннің айтуынша, Бентли желтоқсан айында венесуэлалық Эндри Сааведрамен (17-1-1, 14 КО) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек WBO нұсқасы бойынша келесі міндетті үміткерді анықтайды. Ал дәл қазір бұл белбеу Жәнібек Әлімханұлының еншісінде.

Бентли Сааведрамен кездесу алдында-ақ Жәнібектің шақыруын қабыл алады деп үміттенген. Алайда Уорреннің сөзінше, Әлімханұлы британ боксшысымен қайта жұдырықтасуға аса құлық танытпай отыр:

Жәнібек онымен жұдырықтасқысы келмейді. Меніңше, Бентли алғашқы кездесуде өзін жақсы көрсетті. Егер ол бастапқы раундтарда қарқынын арттырғанда, жеңіске жетуі де мүмкін еді. Бірақ Жәнібек реваншқа барғысы келмейді, мұны олар әдейі істеп отыр. Бұл, әрине, көңілге қаяу түсіреді. Дензел – рейтингтегі бірінші нөмір, бірақ кейде соққы қабылдап, алға жылжу керек. Таңдау жоқ – әрекет ету қажет, – деді Уоррен BoxingScene порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 2022 жылдың қарашасында Жәнібек Әлімханұлы мен Дензел Бентли кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жеткен болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның бір боксшысы жеңілді

Redaktor

Қазақстан Өзбекстаннан екі рет жеңілген бапкерді қызметінен алып тастайтын болды

Redaktor

Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді

Redaktor

Пікір жазу