Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Назым Қызайбай бастаған көшбасшы боксшылар ұлттық құрамадан «шеттетілді»

ҚФБ

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Елдос Сайдалин World Boxing Кубогының алдағы финалына арналған жоспарымен және құрамдағы өзгерістер туралы пікір білдірді.

Кубок финалы 17-22 қараша күндері Үндістанның Нью-Дели қаласында өтеді. Бас жаттықтырушының шешімі бойынша, 2025 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаздары, қыркүйекте Англияның Ливерпуль қаласында өткен жарыста топ жарған спортшылар финалда қатыспайды.

1-14 қараша аралығында оқу-жаттығу жиыны басталады. Үндістанда өтетін Кубоктың соңғы кезеңіне әр салмақта үш қыз жібереміз. Жалпы алғанда, Қазақстан намысын қорғауға барлығы бес үздік спортшы қатысады, – деді Сайдалин.

Әлем чемпионатында өнер көрсеткен қыздарға қазір демалыс берілгенін, олар жиынға қатыспайтынын айтты.

Олар бұл жиынға қатыспайды. Оқу-жаттығу жиындарына желтоқсан айынан бастап қосылады, — деді Сайдалин Қазақстан боксының федерациясымен болған сұхбатында.

Айта кетейік, Ливерпульдегі жарыста Сайдалин жаттықтырған команда бірінші орын алды. Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева және Наталья Богданова алтын, Назым Қызайбай күміс, Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова қола жүлде жеңіп алған еді. Сонымен қатар олар қазан айында Семейде өткен Қазақстан чемпионатына да қатыспады.

Ұқсас жаңалықтар

«Шахтер» мен «Ертіс» бірінші лиганың чемпиондығына таласпақ

Redaktor

Данияр Елеусінов рингке ақпан айында шығады

Redaktor

Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс құрамасына қызметке тағайындалды

Redaktor

Пікір жазу