Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

15 боксшы «Странджа кубогының» ширек финалына шықты

СДД

Странджа кубогы халықаралық турнирінің үшінші жарыс күні аяқталды. София қаласында өтіп жатқан, бейресми түрде «кіші әлем чемпионаты» аталып кеткен беделді бәсекеде Қазақстан құрамасының 15 боксшысы ширек финалға жолдама алды.

1/8 финалда жеңіске жеткендер:

  • Жайна Шекербекова (54 кг)

  • Анель Сақыш (54 кг)

  • Элина Базарова (54 кг)

  • Мадина Нұршаева (70 кг)

  • Ұлжан Сарсенбек (57 кг)

  • Римма Волосенко (60 кг)

  • Виктория Графеева (60 кг)

  • Лаура Есенкелді (65 кг)

Аталған спортшылар 1/8 финалдан сәтті өтіп, жүлде үшін күресті жалғастырады.

Ширек финалдан бастап жарысқа қосылатын боксшылар:

  • Әйгерім Сәттібаева (48 кг)

  • Анель Құдайберген (48 кг)

  • Бақыт Сейдиш (70 кг)

  • Валентина Хальзова (75 кг)

  • Мария Сидоренко (75 кг)

  • Дина Исламбекова (80 кг жоғары)

  • Валерия Аксенова (80 кг жоғары)

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының бір өкілі финалға мерзімінен бұрын жолдама алды. Надежда Рябец (80 кг) шешуші жекпе-жекке шығып, кем дегенде күміс жүлдені қамтамасыз етті.

Жалпы турнирге Қазақстан атынан 39 спортшы (19 ер, 20 әйел) қатысып жатыр. Бірқатар салмақ дәрежесінде ел намысын бірнеше боксшы қорғауда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ баласы Бейбарыс Қаблан таеквондодан тұңғыш әлем чемпионы атанды

Redaktor

Рафаэль Уразбахтин: Бізде Офридің орнына ойнай алатын футболшылар көп

Redaktor

Шавкат Рахмоновқа UFC-де қауіпті қарсылас табылды

Redaktor