Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Ақшаның ықпалы ма?: Миллион долларлық бәсекеде Елена Рыбакина сенімді түрде жеңіске жетті

ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Токио (Жапония) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты.

Жарысқа екінші ракетка ретінде қатысып отырған Е. Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 22-орында тұрған канадалық, 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисі Лейла Фернандеспен жарысты.

Бірінші сет 6:4 есебімен Еленаның пайдасына шешілді. Екінші партияда Рыбакина 3:0 есебімен алға шықты және матчты 6:3 есебімен аяқтады. Бір сағат 28 минутқа созылған кездесуде Рыбакина 6 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдаланды.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 23-ракеткасы, тағы бір канадалық Виктория Мбокомен сынға түседі.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қырғызстаннан 268 спортшы қатысады

Redaktor

Шайдоров төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді

Redaktor

Қазақстан – Солтүстік Корея матчы тікелей эфирден көрсетіледі

Redaktor

Пікір жазу