Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Ақтөбеге» Хамес Родригес пен Джердан Шакири келеді

Фото: ашық дереккөз

«Ақтөбе» футбол клубы трансферлік нарықтағы батыл қадамдарын жалғастырып келеді. Танымал инсайдер Иван Карповтың мәліметінше, қазақстандық клуб Халк трансфері жүзеге аспаған жағдайда, балама нұсқа ретінде Хамес Родригес пен Джердан Шакириді шорт-листке енгізген.

Дереккөздің хабарлауынша, 39 жастағы бразилиялық шабуылшы Халк жылына 2 миллион емес, 4 миллион еуро жалақы талап еткен. Осы себепті «Ақтөбе» басшылығы қаржылық тұрғыда тиімдірек, бірақ тәжірибесі мол жұлдызды футболшыларды қарастыруға мәжбүр.

Шакиридің статистикасы әсерлі

Соңғы бір жарым жылда Джердан Шакири Швейцарияның «Базель» клубы сапында керемет өнер көрсетті. Ол барлық турнирді қоса есептегенде 27 гол соғып, 34 нәтижелі пас берген. Бұл көрсеткіштер «Базельдің» ел чемпионы атануына тікелей ықпал етті.

Хаместің мансабы – нағыз футболдық роуд-муви

Ал Хамес Родригестің соңғы бес жылдағы мансабы жанкүйерлер арасында «футболдағы рок-н-ролл» деп сипатталады. Колумбиялық жартылай қорғаушы осы уақыт ішінде Англияның «Эвертон», Катардың «Әл-Райян», Грекияның «Олимпиакос», Испанияның «Райо Вальекано», Бразилияның «Сан-Паулу» және Мексиканың «Леон» клубтарында өнер көрсетті.

2026 жылғы әлем чемпионатына қатысуды мақсат еткен Хамес Родригес қаңтар айында «Леонмен» келісімшартын ұзартудан бас тартып, тұрақты ойын практикасын ұсына алатын жаңа команда іздеуде.

«Ақтөбе» – жұлдызды ойыншылар үшін тартымды жоба

Инсайдер Карповтың айтуынша, тәжірибелі футболшылар шоғырланған «Ақтөбе» жобасы Хамес Родригес пен Джердан Шакири үшін мансабын жаңа деңгейде жалғастыруға қолайлы нұсқа болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін «Ақтөбенің» Нани мен Миралем Пьяничке қызығушылық танытқаны туралы ақпарат тараған болатын. Тіпті Нани Ақтөбе қаласына арнайы қонақ ретінде келіп кеткен.

Ұқсас жаңалықтар

Төрехан Сабырхан Испаниядағы жарыста қарсыласын ірі есеппен жеңді

Redaktor

«Ертіс» клубы нигериялық қорғаушыға 3,5 млн теңге жалақы төлейтін болды

Redaktor

Милан-2026: Бүгін Денис Никиша жүлдеге таласады

Redaktor