Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Қайрат Нұртастың қызына қатысты мәлімдеме жасалды

Фото: elorda.info

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова әйгілі әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау Нұртасты интернеттегі буллингтен қорғауға алатынын мәлімдеді.

Оспанова бұл туралы «Qogam news» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты. Журналист Динара Сәтжан комитет төрағасына Алаудың әлеуметтік желіде жиі сын мен буллингке ұшырайтынын жеткізген.

«Мен бұл іспен айналысамын. Біз құқықтық мемлекетпіз, әлеуметтік желіде жағымсыз пікір қалдырғандар жазасыз қалмайды. Мұндай адамдарды табу қиын емес. Алғашқы ескерту ретінде 10 000 АЕК айыппұл қарастырылған, ал егер буллинг «өзіне қол жұмсауға итермелеуге» әкелсе — бұл қылмыстық іс болып саналады», — деді Оспанова.

Оның айтуынша, комитеттің 111 байланыс нөмірі тәулік бойы жұмыс істейді. Биылдың өзінде 100 мыңнан астам қоңырау түскен, соның арқасында 35 мың баланың өмірі мен қауіпсіздігі сақталған.

Комитет төрағасы бұл істі өз бақылауына алатынын және Алау Нұртастың жағдайына құқықтық тұрғыда назар аударатынын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Әнші Айгерім Қалаубаева биімен желіні шулатты

Redaktor

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімова туралы сұраққа ашулы жауап берді

Redaktor

Асылхан Төлеповтің қарындасы екінші рет тұрмысқа шықты

Redaktor

Пікір жазу