Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Тоқтар Серіков қалта тексеретінін мойындады

Фото: әлеуметтік желі

Белгілі әнші Тоқтар Серіков пен жұбайы Бейбіт Сейдуалиева бала тәрбиесіне қатысты өз ұстанымдарымен бөлісті.

Өнер иесі ата-аналық жауапкершілікті жоғары қоятынын және кей жағдайларда қатал болуға мәжбүр екенін жасырмады.

«Балаларымның қалтасын үнемі тексеремін. Жасыратыны жоқ, өйткені қауіптенемін. Әлдебір зиянды заттың, темекінің түйіршіктері шығып қалуы да мүмкін ғой?! Бізді де әке-шешеміз солай тексеріп өсірді. “Бөтен кісінің қолынан ештеңе алмаңдар” деп айтып отырамын. Балаларға телефон, гаджеттерді тек демалыс күндері ғана, санаулы уақытқа береміз. Біз асық ойнап өстік, ал қазіргінің балалары осылай өсіп жатыр. Кейде “балалық шақтарын ұрлап жатырмын ба?” деп ойлаймын, бірақ бәрі олардың болашағы үшін», — деді Тоқтар Серіков.

Жары Бейбіт Сейдуалиева да күйеуінің пікірін қолдап, отбасында тәртіптің нақты қағидаға негізделгенін айтты.

«Жұма күні сабақтан келе сала “айпад” деп айғайлап үйге кіреді. Басқа уақытта қанша телефон, гаджет тұрса да, тиіспейді, ұстамайды. Бұл — біздің отбасымызда қалыптасқан тәртіп», — деді ол.

Жұлдызды жұптың бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік ата-аналар оны қолдаған пікірлерін білдіріп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімова туралы сұраққа ашулы жауап берді

Redaktor

«Қызымның ұстайтын жері қалмапты»: Сәкен Майғазиевтің құдағиы ашу-ызаға булықты

Redaktor

 Сүйінші жаңалық: Марқұм Шерзат Полаттың отбасы жаңа үйге қоныс аударды

Redaktor

Пікір жазу