Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

«Канелоны» жеңген боксшының әйеліне Қырғызстанда іздеу жарияланды

Фото: Instagram/bivol_kate

Бішкек қаласының Ішкі істер бас басқармасы әйгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу нұсқасына сәйкес, 21 қазанда жарияланған видеода ол қырғыз халқына қорлайтын сөздер айтқан, деп хабарлайды Кактус басылымы.

Бішкек қаласы ІІББ-нің тергеу қызметі бұл факт бойынша Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 330-бабы («Нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе аймақаралық өшпенділікті қоздыру») бойынша іс қозғаған.

«Аталған бап бойынша бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», — делінген ІІББ мәліметінде.

25 қазанда Екатерина Биволға сырттай айып тағылып, сот оны қамауға алу туралы шешім шығарды. Қазіргі уақытта ол іздеуде.

Екатерина Бивол – ресейлік және қырғызстандық танымал боксшы, WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары.

Ол 2023 жылы жазда ажырасқаннан кейін, әлеуметтік желілерде бұрынғы күйеуін зорлық-зомбылық жасады, опасыздық етті және алимент төлемеді деп айыптаған жазбаларды жиі жариялаған.

Бұған дейін Ресейде Екатерина Бивол күйеуі мен оның анасына тіл тигізгені үшін прокуратура тарапынан әкімшілік жауапкершілікке тартылған, бірақ ол кезде тек ескерту берумен шектелген.
22 қазанда Қырғызстан ІІМ қырғыз халқы мен өзге этнос өкілдеріне тіл тигізген видеоға байланысты тексеру басталғанын хабарлаған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Ташкентте Өзбекстаннан реванш алды

Redaktor

Мөлдір Мұқан «Қорқыт–қобыз» әнін орындап, жұрттың сынына қалды

Redaktor

Легионерлер кетсе, қазақ футболы құриды — Самат Смақов

Redaktor

Пікір жазу