Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарММА

Шавкат Рахмоновтың UFC-ге қашан оралатыны белгілі болды

Фото: © Chris Unger / Contributor / UFC / Gettyimages.ru

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Шавкат Рахмоновтың октагонға қашан оралуы мүмкін екенін айтты.

77 келіде екінші орында тұрсаң, қарсыластың кім екені аса маңызды емес – бәрі де мықты. Қазір Шавкатқа нақты қарсылас пен жекпе-жек күні ұсынылған жоқ. Бізге толық дайындық үшін кем дегенде екі жарым-үш ай қажет. Бір ай немесе бір жарым ай жеткіліксіз. Шавкат жаттығуын тоқтатқан жоқ, бірақ үйдегі дайындық пен оқу-жаттығу жиыны – екі бөлек нәрсе. Барлығы ұсынылатын күнге байланысты болады, – деді Базров.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде октагонға шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді бес раундтық жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген еді. Сол айқаста алған жарақатына байланысты қазақстандық файтер 2025 жылы жекпе-жек өткізген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Елдос Сметов бұл жолы да ұлттық құрамада жоқ: Абу-Дабидегі жарыста ел намысын кім қорғайды?

Redaktor

Бокстан әлем чемпионатына қатысатын Ресей құрамасының боксшылары белгілі болды

Redaktor

Ризабек Айтмұқан Албанияда әлем чемпионатының финалына шықты

Redaktor