Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Төреғали Төрәлінің қарындасы үшінші сәбиін күтіп жүр

Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Төреғали Төрәлінің кенже қарындасы Дина Төрәлі желідегі оқырмандарына сүйінші жаңалығын бөлісті. Ол үшінші нәрестесін күтіп жүргенін жариялап, Instagram парақшасына арнайы видео жүктеді.

Бейнежазбада Дина өзінің ай-күні жақындап қалғанын көрсетті. Ол қуанышын жасыра алмай, әсерлі жазба қалдырған:

«Алланың ең әдемі сыйы – жүрегімнің астында тағы бір жүрек соғып тұрғаны. Бақыт үш есе артты. Шүкір!»

Желі қолданушылары жас ананы құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

Пікірлердің бірінде:
«Үш жылда үш бала туып, үйінде отырған жоқ. Дамып та, қыдырып та, туып та үлгеріп жатыр. Алла денсаулық берсін!» – деп жазған.

Көпшілік Динаға жеңіл жүктілік пен аман-есен босануды тіледі.


Қосымша:

  • Дина Төрәлі – желіде танымал блогер.

  • Соңғы жылдары отбасы құрып, екі баланың анасы атанған.

Ұқсас жаңалықтар

Актер Нұрсұлтан Жақсыген жаңа сүйіктісін көрсетті

Redaktor

Сәкен Майғазиевтің Мәдина Сәдуақасованың арасында не бар?

Redaktor

Алтынай Жорабаева бұрын еш жерде көрсетпеген отбасылық видеосын жариялады

Redaktor

Пікір жазу