Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

«Артық сөкпеңіздер»: Махмұд Сабырханның қалыңдығы жан сырын ақтарды

Screenshot

Кеше әлеуметтік желілерде қазақстандық танымал боксшы, екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырханның қайтадан шаңырақ көтергені туралы ақпарат тарады.

Боксшының қалыңдығы Айғаным Ержігітова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тойдан бейнежазбалар бөлісіп, жұртшылықтың назарын аударды.

Кейіннен Айғаным Ержігітова жеке жазба қалдырып, болған жағдайға қатысты пікір білдірді:

Барлығын қарап, біліп жатсыздар. Барлығының өз себебі болады. Себебін білмей, көрмей артық сөкпеңіздер. Бір күні болмаса, бір күні барлық сұрақтың жауабы табылады. Ешкім өткен өмірімен өмір сүрмейді. Өткен нәрсе өткенде қалды. Біз жаңа өмір бастадық па, енді тек алдағы күндермен өмір сүреміз. Ешкімнің сөзі маңызды емес, — деп жазды Айғаным Ержігітова.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан 2023 және 2025 жылдары әлем чемпионы атанған, сондай-ақ Париж Олимпиадасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған болатын.

Белгілі болғандай, боксшы бұған дейін Назым Мырзағалиқызымен отбасын құрған және олардың бір баласы бар.

Ұқсас жаңалықтар

Бокстан еліміздің жастар құрамасы «Еуразия кубогына» қатысады

Redaktor

Көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына билеттер сатыла басталды

Redaktor

Футзалдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерінің есімі аталды

Redaktor