Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Александр Бублик Парижде сәтсіздікке ұшырап, маңызды турнирден тыс қалды

ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Парижде өтіп жатқан ATP-1000 мастерс турнирінде финалға жолдама ала алмады. Ол жартылай финалда әлемнің 10-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссимнен ұтылып қалды.

Бұл кездесу екі теннисші үшін де маңызды болды, себебі екеуі де маусымның басты жарысы – Туринде өтетін ATP қорытынды турниріне соңғы жолдама үшін таласып жатқан еді.

Бұған дейін Бублик Дубай турнирінде канадалық қарсыласын екі сағат 51 минутқа созылған тартысты матчта жеңген болатын. Алайда бұл жолы жағдай басқаша өрбіді. Бірінші сет тай-брейкте Оже-Альяссимнің еншісіне жазылды – 7:6 (7:3).

Екінші сетте Бублик брейк жасап, есепті 2:0 етіп алға шықты. Бірақ артықшылығын сақтай алмай, эмоцияға беріліп, ракеткасын сындырып алды. Кейін тағы бір брейк арқылы 4:1 есебімен алға шыққанымен, канадалық есепті теңестіріп, матчты өз пайдасына аяқтады – 6:4.

Осылайша, Бубликтің Париждегі төрт матчтық жеңісті сериясы тоқтады. Ол турнир барысында әлемнің үздік ойыншылары – Тейлор Фриц пен Алекс де Минорды жарыс жолынан шығарған болатын.

Ал финалда Феликс Оже-Альяссим әлемнің екінші ракеткасы Янник Синнермен кездеседі.

Ұқсас жаңалықтар

Елдос Сметов Олимпиада ойындарына үшінші рет қатыспақ

Redaktor

Байсуфинов шәкірттері Солтүстік Македонияны сырт алаңда тоқтатты

Redaktor

Мырзағали Айтжанов боксшылардың даярлығы жайлы айтты

Redaktor

Пікір жазу