Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Қарағандыда Серік Сәпиевті жұмыс уақытында орынбасары ұрды

qrnews.kz

Қарағанды қаласында спорт саласының басшылары арасында жанжал шықты.

Qrnews.kz сайтының мәліметінше,  оқиға 21 қаңтар күні кешкісін Бұқар жырау даңғылы бойында болған. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке дене жарақаты салынды.

Жанжалға оның орынбасары, самбодан Азия және әлем чемпионы Дәурен Есімханов қатысы бар деп хабарланды.

Полиция мәліметінше, оқиға бойынша «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір жәбірленушінің жарақатының ауырлығы сот-медициналық сараптама арқылы анықталады.

Оқиғаның нақты себептері әзірге белгісіз. Құзырлы органдар барлық мән-жайды тексеріп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Өскеменде ескірген футбол алаңы жаңғыртылды

Redaktor

Аустралияда баспана сұраған ирандық футболшылардың бесеуі елге оралатын болды

Redaktor

Михаил Шайдоров Олимпиададағы костюмін мұражайға тапсырды

Redaktor