Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйеліне қатысты ақпарат тарады

Коллаж ozgeris.info

Әлеуметтік желілерде Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі және олардың екі баласы бары туралы ақпарат тараған. Желіде тараған суреттерде әйел қымбат әшекейлерін көрсетіп, Қабатовпен түскен фотоларын жариялаған.

Ол жазбалардың бірінде:

«Астыңдағы атың адал болса  бір бақыт, алған жарың адал болса – мың бақыт. Ол – мен»,–деп жазған.

Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, желі қолданушылары арасында қызу пікірталас жүріп жатыр.

 Белгілі коуч Роза Әшірбаева да өз пікірін білдірді.

Соңғы күндері желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жеке өміріне қатысты ақпарат тарап, оның басқа әйелінен туған балалары бар деген ақпарат қызу талқыланған еді. Осыған орай кей желі қолданушылары Қабатов пен әріптесі Дариға Бадықованы салыстыра бастады.

Алайда Роза Әшірбаева бұл салыстыруға қарсы шықты.

«Мөлдірмен нөлден көтеріліп, алғашқы ірі табысына көңілдесін Дубайға апарған Тұрсынбек пен бірнеше жыл табыс таппайтын, диванда жатқан еркекті қажылыққа жіберіп, көлік алып беріп, ортада бала болмаса да үйін қалдырған Дариғаны салыстырмаңдар. Дариға 14 жыл күйеуінің миын шірітіп, бес бала туғызып, бір кетіп бір келген жоқ», — деді ол.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Сүйкімді күйеуімді ешкіммен бөліспеймін»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбекке қатысты ойын ашық айтты

Redaktor

Мөлдір Әуелбекова марапатсыз қалғанына ренішін білдірді

Redaktor

 Сүйінші жаңалық: Марқұм Шерзат Полаттың отбасы жаңа үйге қоныс аударды

Redaktor

Пікір жазу