Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Қатын жолда, бала белде»: Танымал актер Тұрсынбек Қабатовты қолдап, жазбасымен дау тудырды

https://www.instagram.com/beriktursnbekov.official

«Күлпәш» рөлі арқылы көпшілікке танылған танымал актер Берік Тұрсынбеков әлеуметтік желідегі парақшасында Тұрсынбек Қабатовты қолдап жазба жариялады.

Өнер иесі өмірдің ер адамдарға да бір-ақ рет берілетінін айтып, қадірін білмейтін әйелмен өмірді қор қылмауға шақырған.

Қатын жолда, бала белде. Жасымаңдар, жігіттер. Қадіріңді білмеген әйелмен уақытыңды қор қылма, өмір бізге де бір-ақ рет беріледі. Біреуді бағу, біреудің көңілін табу – біздің міндет емес, өзімізді ойлайық. Баланы еркек үшін ғана туса, тастап кетсін. Бала бағу – еркек үшін міндет емес, бақыт. … деп біз бастамай тұрғанда естеріңді жиыңдар, қатындар халқы, – деп жазды актер.

Актердің бұл жазбасы желіде тез таралып, қолданушылардың үлкен бөлігінің наразылығын тудырды. Көпшілік Берік Тұрсынбековті «cancel» тізіміне қосу қажет екенін айтып жатыр.

“Қанша жерден әйел рөлін жақсы сомдағанмен, әйелдің жанын түсіне қоймайды екен”, “Зу-зу Күлпәшке байкот жариялаймыз ба?”, “Күлпәштің өзі осындай пікір айтады деп ойламаппын”, – деп жазды желі қолданушылары.

Еске салайық, бұған дейін әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен отбасылық өмірі туралы ашық сұхбат беріп, қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

«Дуалап алды»: Абай Асылхан екі баласы бар әйелге қалай үйленгенін айтты

Redaktor

Айжұлдыз Адайбекова екінші ұлына ерекше есім қойды

Redaktor

10 жас кіші жігітке тұрмысқа актриса жылап қалды

Redaktor

Пікір жазу