Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

«Талақ айтқан»: Махмұд Сабырханның бірінші жарымен не себепті ажырасқаны айтылды

Фото: Видеодан скрин

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырханның екінші жары спортшының бірінші әйелімен не үшін ажырасқанын түсіндірді.

Ол Instagram парақшасында көптің көкейіндегі сұраққа жауап беріп, ажырасу бастамасы спортшыдан емес, бірінші жары Назымнан болғанын айтты.

«Махмұд онымен ажырасамын деп отбасын құрған жоқ, ондай ойы да болмаған. Маған бәрін түсіндіріп берді. Назым өзі кеткісі келген, кетті. Махмұд қанша оған түсіндіргісі келсе де түсінбеген. Папасына да айтқан: “Қызыңыз кетемін деп жатыр, қой демейсіз бе?» деп. Сосын соңында папасы осылай жазып жіберген», — деді ол.

Ол жариялаған скриншотта Назымның әкесінің спортшыдан «талақ» беруін сұрағаны көрсетілген.

«Болды, талағыңды бер де, өміріне араласпа», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, жуырда Махмұд Сабырхан екінші рет шаңырақ көтергені белгілі болып, бұл жаңалық әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді.

Сабырхан – Олимпиадаға қатысушы, 2021 және 2025 жылғы әлем чемпионы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан бокс федерациясы World Boxing құрамына өтті

Redaktor

Ақсуаттағы спорт фестивалінде халық Ринат Зайытовке су жаңа автокөлік мінгізді

Redaktor

«Осы құртты». Шавкат Өтемұратовтың баласымен бірге жүрем деп сынға ұшырады

Redaktor

Пікір жазу