Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Ресей футболы ФИФА мен УЕФА-ға оралатын болды

©depositphotos.com

Ресейдің әйелдер құрамасы халықаралық аренаға қайта оралуға рұқсат алатын алғашқы ұлттық команда болуы мүмкін.

Sport Baza сайтының мәліметінше, ФИФА (Халықаралық футбол федерациясы) мен УЕФА (Еуропалық футбол одағы) Ресейдің әйелдер құрамасы бейтарап тумен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатыстыру мүмкіндігін қарастыруда.

Сондай-ақ Ресей аумағынан тыс жерде өз алаңындағы матчтарды өткізу нұсқалары талқылануда. Ықтимал орындар ретінде Әзербайжан, Армения және Түркия аталып отыр.

Футболшы қыздарға бұл мүмкіндік туралы хабарланып, халықаралық деңгейдегі ойындарға дайын болуға шақырылды, – деп жазады дереккөз.

Әйелдер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу турнирі 2026 жылғы ақпанда басталады, ал финалдық кезең 2027 жылғы жазда Бразилияда өтеді.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың ақпанынан бастап Ресейдің клубтары мен ұлттық құрамалары ФИФА және УЕФА ұйымдастыратын халықаралық турнирлерден шеттетілген. Осы себепті ерлер құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыспайды.

Ұқсас жаңалықтар

Александр Бублик Парижде сәтсіздікке ұшырап, маңызды турнирден тыс қалды

Redaktor

«Өкініш бар»: Дастан Сәтпаев «Пафоспен» өткен ойыннан кейін мәлімдеме жасады

Redaktor

Зарина Дияс Испаниядағы турнирде алғашқы матчын өткізді

Redaktor

Пікір жазу