Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Михаил Шайдоров Олимпиада жүлдесіне қол жеткізе ала ма?

Сали Сабиров

Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жекелей мәнерлеп сырғанаудың финалдық кезеңіне өткен 24 спортшы анықталды.

Қазақстандық спортшы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 92,94 ұпай жинап, аралық есепте бесінші орынға тұрақтады.

Қысқа бағдарламада ең жоғары нәтижені америкалық Илья Малинин көрсетті – 108,16 ұпай. Екінші орынға жапониялық Юма Кагияма (103,07) жайғасса, үшінші сатыға жеке рекордын жаңартқан франциялық Адам Сяо Хим Фа (102,55) көтерілді.

Жүлдегерлер анықталатын еркін бағдарлама 13 ақпанда Астана уақытымен сағат 21:00-де өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан тарихында ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада медалін иеленген жалғыз спортшы – Денис Тен. Ол 2014 жылы Сочиде өткен қысқы Олимпиадада қола жүлде жеңіп алған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ тілін үйренуден бас тартқан бапкердің командасы тағы да оңбай жеңілді

Redaktor

Темірлан Анарбеков: Ұлттық құраманың негізгі қақпашысы болғым келеді

Redaktor

Зайнутдинов қайтадан құрамада жоқ: Бельгияға қарсы ойынға қатыспайды

Redaktor