Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Әріптестері біліп үндемеген». Қабатовтың жеке өміріне қатысты жаңа дерек жұрт назарын аудартты

Видеодан скрин

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қатысты жеке өмір жайлы жаңа ақпарат әлеуметтік желіні дүрліктірді. Желіде тараған мәліметке сүйенсек, оның әріптестері үш жыл бұрын әзілкештің екінші әйелі деген қыздың інісінің тойында қонақ болған.

Әлеуметтік желіде жарияланған суреттер мен видеоларда белгілі өнер өкілдері асаба ретінде сөз сөйлеп, құттықтау айтып тұрғаны байқалады. Кадрлар көпшіліктің қызығушылығын оятып, қызу талқылануда.

Желі қолданушыларының бірі:

«Мен таң қалып тұрмын. Олар бәрін білген. Тұқалдың туған інісінің 1 жас тойы, Тұрсынбек күйеу балдары. Қанат Әлжаппаров, Қайрат Әділгерей, Әбдіжаппар Әлқожа бәрі жүр. Сурет 2022 жылғы», — деп жазған.

Кейбір желі тұтынушылары «бәрі білген, үндемеген», «өздерінің де тоқалдары бар шығар» деген пікірлер білдіруде.

Айта кетейік, соңғы күндері Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқан әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, қиын кезеңдерде күйеуінің жанынан табылғаны туралы жазбаларымен халық назарын аударған болатын.

Ал әзірге Тұрсынбек Қабатов бұл жағдайға қатысты ешқандай ресми пікір білдірген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

«Әйелімді жоғалтып ала жаздадық»: әнші Айдана Меденованың күйеуі ауыр оқиғамен бөлісті

Redaktor

Хасан Қасымбаевқа қатысты сотта жаңа деректер белгілі болды

Redaktor

«Үндемей қала алмадым»: Дариға Бадықова өз шындығын ашық айтты

Redaktor

Пікір жазу