Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Қыдырәлінің жалған видеосынан кейін Қарақат ашуға булықты

Видеодан скрин

Белгілі әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов пен оның жұбайы, танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіде тараған жалған бейнежазбаға байланысты наразылық білдірді.

Әлеуметтік желілерде Қыдырәлі Болмановтың жас қызбен құшақтасып, сүйісіп тұрғаны бейнеленген бейнеролик тараған.

Қарақат Әбілдинаның айтуынша, бұл видео жасанды интеллект (ЖИ) арқылы жасалып, арнайы арандатушылық мақсатта таратылған.

«Мынаны қараңыздаршы! Не сұмдық бұл? YouTube-та «Қыдырәлі Қарақат» деп іздесең, осындай «жасанды интеллектпен» жасалған видеоларды салып жатыр. Кім көрінген ойына келгенді істеп, өтірік ақпарат таратады. Мұндай әрекеттерге қарсы заң керек қой!» — деп ашуланды әнші.

Оның айтуынша, бейнежазба желіге кеше ғана жүктелген.

Қыдырәлі Болманов: «Бұл мен емеспін!»

Өнер иесі бұл видеоға қатысты өз парақшасында арнайы жазба қалдырып, бейнероликтің жалған екенін және өзіне жала жабылғанын айтты.

«Бұл мен емеспін! Құдай сақтасын. Әжем көрсе, «Қарақатың қайда?» деп таяғын алып шығар еді… Менің кішкентай балаларым көріп қойса ше? Бұл – жасанды интеллекттің жалған туындысы. Алдағы уақытта мұндай технологиялар айнытпай бейнежасайтын деңгейге жетсе, не болар екеніміз қорқынышты», — деп жазды Болманов.

Ол сондай-ақ интернеттегі жауапсыздық пен ар-намысты аяққа таптау мәселесін көтеріп, жалған ақпарат таратушыларға заңмен шара қолдану қажеттігін атап өтті.

Әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі Қыдырәлі мен Қарақатты қолдап, жасанды интеллекттің теріс мақсатта қолданылуына алаңдаушылық білдірді.

Кейбірі мұндай жалған видеолардың адам абыройына нұқсан келтіретінін және қатаң заңдық бақылауды қажет ететінін жазды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

Ұқсас жаңалықтар

Алтынай Жорабаеваның аяқ астынан қалай 37 келі тастағаны белгілі болды

Redaktor

Олжас Абай Дариға Бадықова жайлы ойын ашық айтты

Redaktor

«Үндемей қала алмадым»: Дариға Бадықова өз шындығын ашық айтты

Redaktor