Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Асанәлі Әшімов өмірден ерте кеткен ұлының қызын өз қолымен ұзатты

видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның халық артисі, аты аңызға айналған актер Асанәлі Әшімовтің немересін ұзатып жатқан сәтінен бейнежазба тарады.

TikTok-та жарияланған видео кадрларында актердің немересін күйеу жігітке табыстап тұрған сәті көрініс тапқан.

Пікір қалдырушылардың айтуынша, Асанәлі Әшімов марқұм ұлы Сағидың қызын ұзатқан.

Ағамыздың Сағидан қалған бір қыз, бір ұл немересі бар. Сол өзінің немересін ұзатып жатыр, – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Бейнежазба астындағы пікірлер екіге бөлінді. Бірі актердің әрекетін қазақы дәстүр тұрғысынан сынға алып,

«Қазақта қызды жеңгелері ұзатады», «Мұндай ұлы адамның ұрпағы дәстүрді сақтамағаны өкінішті», – деп жазса, екіншілері, керісінше, «Папасы өмірде жоқ қой, атасы не істесін? Бұл – жүректен шыққан, мейірімге толы сәт», – деп қорғап шыққан.

Желіде тараған видео аз уақыт ішінде кеңінен талқыланып, танымал тұлғаның отбасы өміріне деген қызығушылықты арттырды.

@user7859370058052♬ оригинальный звук — royal.birkolik

Ұқсас жаңалықтар

Арман Дүйсеновтің жары президенттен көмек сұрады

Redaktor

«Өтірік емес, ақиқат»: Эфирге амалсыз барған Индира Елемес шындықты жариялады

Redaktor

Гүлзира Айдарбекова «жақсы көретінін» келінін ерекше құттықтады

Redaktor

Пікір жазу