Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің соңғы хаттарын жариялады

Фото: zhunusova.makpal/instagram

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм күйеуі, қоғам және мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің соңғы жазбаларын көпшілікпен бөлісті.

Әнші жарының 2005 жылы өмірден өтерінен аз уақыт бұрын жазған өлеңдерінен үзінді жариялап, жазбаға:

«Заманбек Нұрқаділовтің 2005 жылы жазған соңғы өлеңдерінен үзінді» – деп жазды.

Өлең жолдарында жүрек қимастығы мен терең өкініш байқалады:

«Өлсем ақ денемді пышақ салып кеспеңдер.

Сенесің бе? Бір өзіңнен басқа жаннан бір жақсылық көрмеппін…

Дарын қонған асыл жанға еркіндікті бермеппін…

«Махаббат бар» – жете деп қолды көп жыл сермеппін…

Мен жолыңды аша алмаппын, жібек жіппен кермеппін…

Дірілдеген әр әніңді моншақ жасап термеппін…»

 

Бұл жазбадан кейін желі қолданушылары Мақпал Жүнісоваға жылы пікірлер мен жұбату сөздерін арнады.

«Әулие кісі болған екен-ау. Аманатын арқалап жүрген аңыз әнші»,

«Мақпал, сен бақыттысың. Елін сүйген, ел сүйген азаматтың жары болдың»,

«Өмірден өтерін сезген сияқты»,

«Ағамыздың жазуының кереметі-ай!» – деп жазды оқырмандар.

Заманбек Нұрқаділов – еліміздің танымал қоғам қайраткері, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. Ол 2005 жылы жұмбақ жағдайда қаза тапқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

«Сиырға туған күн бұзауға да туады»: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызға қатысты пікіріне нүкте қойды

Redaktor

Әнші Айгерім Қалаубаева биімен желіні шулатты

Redaktor

Динара Сәтжан мен күйеуінің қылығы желіде қызу талқыланды

Redaktor

Пікір жазу