Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Мөлдір Әуелбекованың анасы: «Жалғыздық тек Құдайға жарасқан»

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ата-анасымен бірге Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасына сұхбат берді.

Сұхбат барысында әншінің анасы қызының болашағына алаңдайтынын жасырмады. Ол Мөлдірдің жеке өміріне қатысты аналық тілегін ашық айтты.

«Өзім жолдасымсыз өмірімді елестете алмаймын. Бірге қартайып, бірге өмір сүрейік деп тілеймін. Қандай жағдай болмасын, жаныңда сая болатын адам керек. Сондай жан кездессе, ойлан деп ақылымызды айтып қоямыз. Бірақ аузы күйген үрлеп ішеді дегендей, ертеңгі күнді болжай алмаймыз. Мен қызыма әрдайым айтамын: жалғыздық тек Құдайға жарасқан. Қазір екі қанатың — біз бармыз, бірақ біз кеткен соң бәрі өзгереді. Болашақта қызың, ұлың бар деп, соны да ойлау керек», – деді әншінің анасы.

Ол қызына әрдайым отбасының қадірін түсіндіріп, өмірлік серік табуын тілейтінін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

«Арам тамақ»: Мөлдір Мұқанова Қайрат Әділгерейдің әйеліне өткір жауап берді

Redaktor

Сәкен Майғазиевтің әйелінің тойдағы образын желі қолданушылары талқыға салды

Redaktor

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасқа халық әртісі атағын беру керектігін айтты

Redaktor