Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Ішкі істер министрлігі Биволдың бұрынғы жұбайының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

Фото: Instagram/bivol_kate

Қазақстан жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволдың ұсталуына байланысты Ресей тарапымен байланыс орнатты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов мәлімдеді.

Тергеу жалғасып жатыр. Оған халықаралық іздеу жарияланды, сот сырттай қамауға алу туралы шешім шығарды. Біз арнайы арналар арқылы Ресей Федерациясының полиция қызметкерлерімен байланыстамыз. Егер Биволдың жұбайы ұсталған жағдайда, Бас прокуратура арқылы ресми ақпарат аламыз немесе экстрадиция мәселесін қарастырамыз, – деді Әділов.

Еске салайық, 27 қазанда KazTAG агенттігі Қырғызстан соты Екатерина Биволды ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікпен қамауға алу туралы ордер бергенін хабарлаған еді. Ал 31 қазанда ол Қазақстан құқық қорғау органдары тарапынан да іздеуге жарияланды.

Қазан айының екінші жартысында тараған бейнежазбаларда Екатерина Бивол қазақ және қырғыз халықтарына қатысты балағат сөздер айтып, қорлайтын пікір білдірген. Бұл – соңғы айларда жиілеп кеткен ұқсас резонансты оқиғалардың бірі.

Ұқсас жаңалықтар

Ризабек Айтмұқан екі айда екінші рет әлем чемпионы атанды

Redaktor

Өзбекстаннан келген қазақ боксшысы өзбекстандық боксшыдан тағы да жеңілді

Redaktor

Олимпиадаға іріктеу: Хоккейден Қазақстан құрамасы бірінші матчта жеңіске жетті

Redaktor

Пікір жазу