Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

«Түркия мен Өзбекстан алда». Қазақстан Ислам ойындарын жетінші орынмен аяқтады

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан спортшылары Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарын аяқтады.

Медаль кестесінде Түркия көш бастады — 72 алтын, 44 күміс, 39 қола. Екінші орынға Өзбекстан (29 алтын, 35 күміс, 32 қола), үшінші орынға Иран (29 алтын, 19 күміс, 33 қола) тұрақтады.

Қазақстан жалпыкомандалық есепте біздің елдің спортшылары 56 медальмен жетінші орынға жайғасты. Қоржында 15 алтын, 20 күміс және 21 қола медаль бар.

Сонымен қатар, Сауд Арабиясы (18-12-27), Египет (17-11-17) және Бахрейн (16-11-7) командалары да Қазақстанды басып озып, жалпыкомандалық есепте үздіктер қатарына енді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл ойындарда 23 спорт түрінің 15-інде бақ сынаған 100-ден аса спортшымен қатысқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

17 жастағы қазақ баласы Заңғар Нұрланұлы Аустралияда сенсация жасады

Redaktor

Криштиану Роналду 1000 голына тағы бір қадам жақындады

Redaktor

Үш команда 7 ұпайдан жинады

Redaktor