Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Шерхан Қалмырза пенальти қайтарған матчта Қазақстан құрамасы жеңіліп қалды

ҚФФ

Футболдан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U19) Еуро-2027 іріктеу кезеңіндегі сырт алаңдағы кездесуде Нидерланд командасына есе жіберді.

Кездесу Олдензал қаласында (Нидерланд) өтіп, алаң иелерінің жеңісімен аяқталды – 2:1.

Нидерланд құрамасынан 27-минутта Айоделе Томас пен 32-минутта Джинайро Джонсон гол соқты. Ал Қазақстан құрамасынан 86-минутта Алдияр Нұрғали 11 метрлік айып добын сәтті орындап, есеп айырмасын қысқартты.

Айта кетейік, ойынның 72-минутында Тобиас ван ден Элсхаут орындаған пенальтиді қақпашы Шерхан Қалмырза қайтарды.

Соңғы турда Нидерланд Ирландиямен кездеседі, ал Қазақстан Кипрмен ойнайды.

Екі турдан кейін көшбасында алты ұпай жинаған Нидерланд құрамасы тұр. Қазақстан мен Ирландияның – үш ұпайдан, Кипрдің еншісінде – 0 ұпай.

Ұқсас жаңалықтар

«Астанаға» ауыса ма? Әлібек Қасым «Ақтөбеден» кетуі мүмкін

Redaktor

Шайдоров төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді

Redaktor

Күйеуіме ақшасын өзім төлеп, екі рет Меккеге жібердім – Дариға Бадықова

Redaktor

Пікір жазу