Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутзал

Футзалдан Арменияға есе жібердік

Футзалдан Қазақстан құрамасы ЕURO-2026 іріктеуі аясында сырт алаңда Армениямен кездесіп, жеңіліс тапты. 

2026 жылғы Еуропа чемпионатының топтық іріктеу кезеңнің шешуші ойынын Рикардо Кака бастаған Қазақстан құрамасы сырт алаңда Армениямен өткізді. Бұл ойында Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алу үшін біздің жігіттерге үш ұпай ауадай қажет еді. Алайда ойын 4:2 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

Енді Қазақстан құрамасы өтпелі ойындарға қатысу құқығына ие болу үшін өзге топтағы ойындардың нәтижесіне тәуелді болмақ. Он топтың ішінен екінші орын алған сегіз үздік команда қалған жолдамаға таласады. Плей-офф кезеңінің нақты қатысушылары сәуір айында анықталды.

Армения – Қазақстан – 4:2 (2:1)

Голдар: Хромых 6, 13, 24, Агаджанов 27 – Тұрсағұлов 16, Агаджанов (автогол) 33;

Ескерту: Манукян 14, Хромых 17, Карабекянс 28 – Лео 1, Валиуллин 19, Оразов 36;

Армения: Агаджанов (қ), Хромых, Саносян (к), Неведров, Мелконян – Карабекянс (қ), Манукян, Гандилян, Маргарян, Меликян, Машумян, Дермениян, Пататян, Петросов;

Бас бапкер: Рубен Назаретян;

Қазақстан: Атантаев (қ), Лео, Тұрсағұлов, Дуглас, Оразов – Серіков (қ), Кнауб, Дәрібай, Валиуллин, Есенаманов (к), Рашит, Карменов, Қайырбай, Көлбаев;

Бас бапкер: Пауло Рикардо Кака.

Төрешілер: Максимилиан Алькофер, Свен Шрайбер (екеуі де — Германия), Петер Будак (Словакия);

12.03.2025. Ереван, АФФ Техникалық орталығының академиясы.

Фото: Қазақстан футзал федерациясы

Ұқсас жаңалықтар

20 жылдан кейін: бокстан студенттер арасындағы әлем чемпионаты Қазақстанға қайта оралуы мүмкін

Redaktor

Ақшаның ықпалы ма?: Миллион долларлық бәсекеде Елена Рыбакина сенімді түрде жеңіске жетті

Redaktor

Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді

Redaktor