Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Еркекті еркелету керек»: Динара Әлжанның кеңесі желіні шулатты

Видеодан скриншот

Әнші Динара Әлжан Kezdesu жобасына берген сұхбатында ер-азаматтардың мінезі мен қарым-қатынасқа қатысты көзқарасын бөлісіп, желі қолданушыларының назарын өзіне аударды. Ол ер адамдардың үнемі дамып, қоршаған ортадан шабыт алып отыруы қажет екенін айтады.

Қыдырмайтын еркекті мен еркек емес деп ойлаймын. Ер азаматтар жүруі керек, қыдыруы керек, оларға уақыт беру керек. Әйтпесе, әрқашан үйдегі әйелінің бетіне қарап, сыртпен байланыс орнатпаса, дамымаса, ондай өмір еркекті жалықтырады. Қызғаныш та, махаббат та бар. Егер ер азаматты шын сүйсең, барлығына шыдайсың, – деді ол.

Сондай-ақ әнші ер мен әйел арасындағы сыйластық туралы да пікір білдірді.

Ер азаматты аймалауға, сыйлауға, тіпті аяқ киіміне дейін киіндіріп беруге болады. Еркекті сен қолдасаң, ол ешқайда кетпейді. Қазір ер адамдарды жамандау үрдісі байқалады, мен оны дұрыс емес деп санаймын. Егер олар болмаса, біз құлпырмас едік. Ер азаматты сыйлап, мәпелесек, бәрі де болады, – деді Динара Әлжан.

Алайда оның осы ойлары әлеуметтік желіде үлкен пікірталас туғызды. Кей қолданушылар әншінің пікірін қолдаса, басым бөлігі мұнымен келіспейтіндерін жазған.

Әйтеуір бәрі ақыл айтқыш болып кетті», «Бұл – дұрыс көзқарас емес», «Әркімнің өз түсінігі бар шығар, бірақ бұл – шектен тыс, – деген сынды пікірлер қалдырылды.

Ұқсас жаңалықтар

«Ажырастық». Олжас Абайдың экс-әйелі де бар шындықты айтты

Redaktor

Қыдырәлі Болманов «Ұлытау» тобының марапат алмағанына ренжіді

Redaktor

«Адасқандық!»: Қарақат Әбілдина Тұрсынбек пен Мөлдір дауына пікір білдірді

Redaktor

Пікір жазу