Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Бізге креатив жетіспеді»: Талғат Байсуфинов Фарер аралдарынан жеңілу себебін түсіндірді

КФФ

Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Фарер аралдарына қарсы өткен жолдастық ойынды (0:1) қорытындылай отырып, кездесуден кейін пікір білдірді.

Әрине, біз жеңіске жетуді мақсат еттік. Алайда бұл матч біздегі кейбір кемшіліктерді айқын көрсетті. Ең алдымен, жеңілдік пен креатив жетіспеді. Дәурен Жұмат пен Эльхан Астанов үлкен жауапкершілікпен ойнады, алайда қанаттағы ойыншылардың тактикалық жоспарды сақтай отырып, шығармашылық танытуы жеткіліксіз болды, – деді ол.

Байсуфинов үзілісте футболшыларға орталық аймаққа жиірек ауысып, позициялық ойынға көбірек көңіл бөлу қажеттігін ескерткенін айтты.

Егер нұсқауды толық орындағанда, Бағдат Қайыров пен Наурызбек Жағоров шабуылда өзін еркінірек сезініп, қарсыласқа қысым жасау мүмкіндігі жоғары болар еді. Екінші таймда Эльхан мен Дәурен орталыққа жиі ауысып, Наурызбек белсенділік танытты. Ротациялар көп болды, барлық ауыстыруды қолдандық. Арсен Әшірбек шабуыл шебіне шығып, Нұрәлі сол қапталды жапты, – деді бапкер.

Сонымен қатар ол жанкүйерлерден кешірім сұрап, Фарер аралдары құрамасының лайықты қарсылас болғанын атап өтті.

Біз жеңілдік. Бұл жанкүйерлер үшін өкінішті. Фарер аралдары мықты қарсылас болды. Бізге агрессия мен шығармашылық жетіспеді. Ұзын пастар тиімсіз болды, себебі қарсылас қорғаушылары бойшаң. Бұрын да айтқанмын, бізге креатив деңгейі жоғары ойыншылар жетіспейді. Бұл – сабақ. Енді алға жылжимыз, – деді Байсуфинов.

Ұқсас жаңалықтар

Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионы атанды

Redaktor

«Жібек жолы» халықаралық турниріне қатысатын боксшылар анықталды

Redaktor

«Шахтер» мен «Ертіс» бірінші лиганың чемпиондығына таласпақ

Redaktor

Пікір жазу