Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарММА

Шавкат Рахмонов пен Иан Гэрри бетпе-бет кездесті

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) пен ирландиялық Иэн Гэрри (15-0) жекпе-жек алдындағы бетпе-бет кездесу рәсімінен өтті.

Айта кетейік, қос спортшы Астана уақытымен 8 желтоқсанда Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінде төбелеседі. Олар бүгін журналистердің сауалына жауап беріп, пресс-конференция аяқталған соң дәстүрлі «стердаун» рәсімін өткізді. Файтерлер мұнан соң қол алысып құшақтасты.

Еске салайық, әу бастағы жоспар бойынша, Шавкат Рахмонов бұл күні UFC чемпионы Белал Мухаммадпен титул үшін төбелесуі тиіс болған. Алайда, санаулы күн қалғанда америкалық файтер жарақат алғанын айтып, жекпе-жектен бас тартты.

Ерсұлтан Кәріпбай

Ұқсас жаңалықтар

Грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға 3 бөлмелі пәтер табысталды

Redaktor

Махмұд және Төрехан Сабырхан тойдан кейін сыйлық жасады

Redaktor

Италия құрамасы тағы да футболдан әлем чемпионатына шыға алмады

Redaktor