Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Әйелім мен балам мені қабылдамады — Сәкен Қалымов

Видеодан скрин

«Алтайдың ар жағынан келген ару» әнімен танымал Сәкен  Қалымов өзінің өткен өміріндегі қателіктер туралы ашық сөйлеп, бұрынғы жұбайы мен баласының алдынан өтпек болғанын жасырмады.

Айтуынша, жас кезінде серілік құрып, Астанада тұратынын әйелі мен ұлынан бөлек кеткен.

«Астанаға арнайы іздеп бардым,  алдарынан өтейін дедім. Жарымды да, баламды да кінәламаймын. Қателік менен болды. Ол кезде жеңілтек өмір болды, ортамыз солай болды. Серілік құрған заман болды.  Бәріне атүсті қарадық.Әрине, құшақ жая қарсы алады деп бармадым. Бірақ тіл табыса алмадым. Мені қабылдамады. Енді дұға етіп жүрмін. Бұйырған күні бәрі жақсы болады деген үміттемін», — деді ол «Бүгін live» бағдарламасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, келер жылы әнші мерейлі 60 жасқа толғалы отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Жеті жылға сотталған Бақытгүл Хаменованың тойдағы фотосы тарады

Redaktor

Жұлдыз Әбдукәрімова елден кететінін мәлімдеді

Redaktor

Қыдырәлі Болманов: Мөлдір өзімнің қарындасым сияқты болып кетті

Redaktor

Пікір жазу