Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Нұрмұқасан» тобынан жанжал шықты

Фото: Видеодан скрин

Танымал «Нұрмұқасан» тобының айналасында үлкен дауға себеп болған оқиға талқыланып жатыр. Бұл туралы қоғам белсендісі әрі блогер Жан Ахмадиев хабарлады.

Оның айтуынша, топқа жаңадан қосылған әнші Ғалымжан бұрынғы солист Мұқасан Шахзадаев өзіне қол көтергенін айтқан.

Ахмадиевтің сөзінше, Ғалымжанға жасалған шабуылға бірнеше адам қатысқан, олардың арасында Шахзадаевтың өзі де болған деген мәлімет бар. Жаңадан қосылған өнерпаздың айтуынша, оқиға салдарынан ол түрлі дене жарақаттарын алған, мұрны мен қолы сынған.

«Ол өзіне бірнеше адамның, арасында Мұқасанның да бар екенін айтты. Соққы салдарынан мұрны мен қолы сынғанын жеткізді. Қазір Ғалымжан оқиғаға қатысы бар адамдардың жазадан сытылып кетуі мүмкін деп алаңдап отыр», – деді Ахмадиев.

Оқиға қоғам назарын өзіне аударып, қызу талқылануда. Бұл жағдайға қатысты Мұқасан Шахзадаевтан немесе «Нұрмұқасан» тобының өкілдерінен ресми түсініктеме әлі бермеді.

Ұқсас жаңалықтар

Баян Алагөзовтың күйеуі енді халыққа жыл сайын 100 пәтер сыйлап тұрмақ

Redaktor

Гүлзира Айдарбекова немерелері туралы қауесетке нүкте қойды

Redaktor

Қабатовтың жерлес інісі Мөлдір Мұқанованы қолдады

Redaktor