Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Сәкен Майғазиевтің келіні Әдияның немен айналысатыны белгілі болды

Instagram желісінде жеке бренд бағытында контент әзірлейтін блогер Динара Мырзажанқызы танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия туралы мәлімет жариялады.

Блогердің айтуынша, 20 жастағы Әдия сән индустриясына қызығушылық танытып, бүгінде Дубайдан әкелінетін абайка стиліндегі киімдерді Қазақстанда сатумен айналысады.

«Жақында Сәкен Майғазиев үлкен ұлының тойын дүркіретіп өткізді. Ұлы Әділет 27 жаста, ал келіні Әдия – 20 жаста. Ол Ақтаудан шыққан, Жаңаөзеннің қызы. Оның парақшасына кірген кезде эстетикаға, сұлулыққа, нәзік стильге жақын екенін байқадым. Ал кәсібіне келсек, Дубайдан абайка киімдерін алып келіп, Қазақстанда сатады», – деп жазды Динара Мырзажанқызы.

Блогер жазба соңында келіннің негізгі және жұмыс парақшасына сараптама жасап, қысқаша шолу ұсынған. Оның айтуынша, бұл контент жеке бренд қалыптастыруға арналған жобасының бір бөлігі ретінде жарияланған.

Ұқсас жаңалықтар

«Жертөледе қайтыс болған жоқ»: Арман Дүйсеновтің әйелі композитордың өліміне қатысты алғаш рет пікір білдірді

Redaktor

Мұқасан Шахзадаев ұсталды — Жан Ахмадиев

Redaktor

«Өтірік емес, ақиқат»: Эфирге амалсыз барған Индира Елемес шындықты жариялады

Redaktor