Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Көретін фильм емес»: Мөлдір Мұқанованың алғашқы картинасы желіде сынға қалды

Фото: скрин видео

20 қарашада еліміздегі кинотеатрларда продюсер әрі актриса Мөлдір Мұқанованың дебюттік туындысы – «Шәй в большом городе» фильмі жарық көрді.

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары түсірген бұл фильмді көпшілік қызығушылықпен күткенімен, алғашқы көрермендерден оң пікірден гөрі сын басым болды.

Мөлдір Мұқанова фильмнің продюсері ғана емес, басты рөлді де өзі сомдаған. Оның айтуынша, картина қоғамдағы әйел өміріне қатысты өзекті мәселелерді қозғайды және актрисаның жеке өміріне қатысты бұрын белгісіз болған жайттар да фильмге арқау болған.

Алайда бұл идеяны көрермендердің басым бөлігі толық қабылдамаған сияқты.

Threads желісінде фильмді тамашалағандар ашық түрде өз пікірлерін жазып жатыр. «ariwithnoferrari» атты қолданушы анасымен бірге екі ай бойы күтіп барғанын айта отырып, мүлде әсер ала алмағанын жеткізген.

«Мүлде түсініксіз. Фильмде жылаймын деп майлық алып бардым, бірақ жылайтын жер болмады. Соңы да түсініксіз аяқталды. Тек Мөлдірді қолдау үшін ғана баруға болады», – дейді көрерменнің анасы.

Басқа қолданушылар да фильмнің көркемдік деңгейіне қатысты қатаң пікір қалдыруда:

«Өмірімде көрген ең мағынасыз фильм», «Жарты жолда залдан шығып кеттім», «Сюжеттің өзі жоқ, актерлердің ойыны өте әлсіз», «Асығыс түсірілгені көрініп тұр, шикі», «Мөлдірдің дикциясын тыңдаудың өзі қиын», «Фильмдегі киімдер, баннер, тіпті шрифттердің өзі сәтсіз», «Бір қолдайық, бірақ бұдан кейін кино түсірмесін», «Отандық кинематографияның деңгейін түсірмеңіздер».

Кейбір пікірлерде фильмді Мөлдірдің өмірі туралы сұхбаттарының көшірмесі деп сынға алғандар да бар.

Желі қолданушылары фильмнің негізгі кемшілігі ретінде: әлсіз актерлік ойын, логикасыз сюжет, көркемдік талаптардың сақталмауын, эстетикасы мен визуалының сапасыздығын атап өткен.

Фильмді экраннан көріп отырып, жарты жолда залдан шыққан зрительдер де аз емес екен.

Қоғамда үлкен қызығушылық тудырған «Шәй в большом городе» алғашқы күннен-ақ қызу талқыға түсіп, Мөлдір Мұқанованың кино әлеміндегі алғашқы қадамы көпшілік күткендей болмады. Дегенмен, жаңа фильмнің көрсетілімі әлі жалғасуда – демек көрерменнің екінші толқыны не айтарын уақыт көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Бұрынғы әйелім бетімді қайтарып жіберді — Нұрсұлтан Жақсыген

Redaktor

Тоқал алсаңдар, мені тірідей көме салыңдар – Гүлзира Айдарбекова

Redaktor

Әнші Бүркіт «әйеліне Болат Назарбаевтың көзі түскен» деген сыбысқа нүкте қойды

Redaktor

Пікір жазу