Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Табылмай жатыр»: Жас әншіні соққыға жыққан Мұқасан Шахзадаевқа қатысты тың дерек шықты

Видеодан скрин

«Нұр-Мұқасан» тобының жаңа солисі Ғалымжан Сүлейменді соққыға жыққан оқиға бойынша жаңа мәліметтер пайда болды.

Жәбірленушінің жағдайын бақылап жүрген заңгер Инга Иманбайдың айтуынша, Ғалымжанның халі өте ауыр. Оның сөзінше, бұл оқиға тек денсаулыққа келтірілген зиян ғана емес, тұтас шығармашылық ұжымға соққы болған.

«Бұл – тек дене жарақаты емес, адамның еңбегіне жасалған ауыр соққы. Ғалымжан түсірілімде жүрген фильм жұмысы уақытша тоқтады. Соның кесірінен 40-қа жуық адам жұмыссыз қалды. Себебі мұндай жарақат алған актер камера алдына шыға алмайды. Бұл – өте ұят жағдай», – деді заңгер.

Сонымен бірге, Иманбай оқиғаға қатысы бар әнші Мұқасан Шахзадаевтың әлі күнге дейін бостандықта жүргенін айтты.

«Полиция «Шахзадаев табылмай жатыр» деп мәлімдеп отыр. Бұған сену қиын. Біз бұл істің әділ шешім табуы үшін соңына дейін барамыз. Атақ пен таныстыққа қарамастан, жауапкершілік болуы тиіс», – деп жазды заңгер.

Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр. Тергеу жалғасуда.

Ұқсас жаңалықтар

Жұлдыздың аяқ-қолын кісендеген жоқпын – Гүлзира Айдарбекова

Redaktor

Күйеуіме ақшасын өзім төлеп, екі рет Меккеге жібердім – Дариға Бадықова

Redaktor

Тұрсынбек Қабатовтың жас жары туралы видео желіде қызу талқылануда

Redaktor

Пікір жазу