Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Фабрицио Романо Дастан Сәтпаевтің карьерасы туралы маңызды ақпарат жариялады

"Қайрат" ФК

Италиялық спорт инсайдері және журналист Фабрицио Романо Дастан Сәтпаевтің Чемпиондар лигасындағы жетістігі мен «Челси» клубына трансфері туралы пікір білдірді.

Сәтпаев «Қайрат» сапында Данияның «Копенгаген» командасына қарсы өткен ойында (2:3) гол соғып, негізгі кезеңде гол салған алғашқы қазақстандық футболшы атанды. Сонымен қатар ол Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соққан ең жас үш футболшының бірі болды.

Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соққан алғашқы қазақстандық футболшы. Ол «Челси» клубымен келісімшартқа қол қойды және олардың құрамындағы келесі жарқыраған талантқа айналады, — деп жазды Романо.

Айта кетейік, 2025 жылғы ақпанда «Қайрат» Сәтпаевті «Челси» клубына 4,3 миллион еуроға сатқанын хабарлаған еді. Лондон клубына футболшы 2026 жылғы тамыз айында, яғни 18 жасқа толғаннан кейін қосылады.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қырғызстаннан 268 спортшы қатысады

Redaktor

Черчесов Норвегия және Словениямен ойнайтын футболшылар тізімін жариялады

Redaktor

2024 жылғы Олимпиадада отандық бапкерлер мен дәрігерлер саны рекордтық көрсеткішке жетті

Redaktor

Пікір жазу