«Меломен» тобының мүшесі Ролан Қазретов «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол 12 жыл күткен қызы дүниеге келіп, алғаш рет әке атанғанын айтты.
Әншінің сөзінше, бұл қуаныш – Алланың берілген сынағына сабырмен төтеп бергендері үшін сыйлаған сыйы.
12 жыл дегенде қызды болдық. Тұңғыш қыз. Алла сынақты берген кезде оған төтеп беретін күшті де өзі береді екен ғой. Елдер жұбайым екеумізге: “Қанша жыл шыдадыңдар, екеуің мықтысыңдар” деп айтып жатыр. Меніңше, бұл біздің мықтылығымыз емес, Алланың берген күші. Тұңғышымды қолыма алып, әке атанудың ерекше сезім екенін түсініп жатырмын. Балалы жандардың жағдайын енді жақсырақ ұқтым. Жақындарымыздың тілектері мен екеуміздің сабырлы күтуіміздің арқасында осы бақытты сәтке жеттік, – деді ол.
Әнші отбасы үшін бұл сәттің ерекше екенін айтып, көпшіліктен алған жылы лебіз бен тілектерге алғысын жеткізді.
