Әлеуметтік желілерде танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың жасөспірімге тілек айтып отырған сәті түсірілген бейнежазба кең таралды.
Видео кадрларында өнер иесінің дастархан басында қолын жайып, балаға ақ тілегін арнап отырғаны байқалады. Алайда бұл сәт желі қолданушылары арасында бірден қызу пікірталас туғызды.
Көптеген желі қолданушылары Мейрамбектің сөзін «нағыз бата емес, жай ғана тілек» деп бағаласа, кейбіреулері оның қол қою әдебін сынға алды.
Сонымен қатар жұртшылықтың назарын ерекше аударған жайт – үстел үстінде тұрған темекі қораптарының көптігі болды.
«Батаны балаға айтып отыр ма, әлде темекіге ме?» деп мысқылдағандар да табылды, «Темекінің саны адамнан көп қой, шылымдарға бата берген сияқты», «Қасында осынша темекі мен оттық тұрғанда батаның әсері бола ма?», «Бұл бата емес, кәдімгі тост қой, аз-ақ қалды, «ал, бастайық» деуге», – деген пікірлер әлеуметтік желілерде қарша борады.
Кейбір қолданушылар «бата беру кезінде екі алақанды қосып, дұрыс ұстау қажет» екенін айтып, бейнежазбадағы көріністі сынға алды.
