Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Ғалымжан Сүлеймен өзін соққыға жыққан Мұқасан Шахзадаевты кешірмейтінін айтты

Фото: instagram.com/mukassan

“Нұр-Мұқасан” тобының жаңа мүшесі, әнші Ғалымжан Сүлеймен өзін соққыға жыққан әріптесі Мұқасан Шахзадаевты кешірмейтінін мәлімдеді.

Әншіге оқиғаның салдарынан мұрнына ота жасалған. Дәрігерлер ісік басылған соң тағы бір операция жасау қажеттігін айтып отыр. Оның жағдайын білу үшін әншінің адвокаты Инга Иманбай мен блогер Жан Ахмадиев ауруханаға барған.

Ғалымжанның айтуынша, оқиғадан кейін Мұқасан Шахзадаев бірде-бір рет хабарласпаған.

Өкінішке қарай, Мұқасан өзі хабарласып, кешірім сұраған жоқ. Тек атынан келген адамдар көбейіп кетті. Бірақ өзі бір ауыз үн қатпады. Бұл — меніңше, тәкаппарлық. Енді келіп кешірім сұраса да, кешірмеймін. Алғашқы үш күн күттім, одан кейін де күттім, енді жоқ, – деді әнші.

Адвокат Инга Иманбайдың айтуынша, іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы — “Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру” бойынша қаралады.

Бұл бап бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Мұнда алдын ала сөз байласып, шақырып алып соққыға жығу — әлімжеттік болып саналады. Әдетте, қоғамда, әскерде әлімжеттік туралы айтамыз. Бірақ халыққа үлгі болуы тиіс өнер адамдарының бір-біріне әлімжеттік жасауы өте өкінішті, – деді адвокат.

Ұқсас жаңалықтар

Атақ үшін 5 мың доллар сұрады — Алмат Сақатов

Redaktor

Тоқтар Серіков жары Бейбіт Сейдуәлиевамен қалай танысқанын еске алды

Redaktor

Бейбіт Сейдуалиеваның тойдағы сөзі сынға ұшырады: Өнер иесінің даусы желіде талқыға түсті

Redaktor