Абайтанушы Омар Жәлелдің екінші әйелі, психолог және аудармашы Ләззат Мырзаш «Әңгіме бар» подкастында бұрын көпшілікке белгісіз жайттарды ашық айтып берді.
Ләззат Мырзаштың айтуынша, Омартан төрт әйелден 30-дан астам бала туған.
«Қазақстанда секс жетеді, маған ұрпақ керек» – деп айтқан», – деді ол.
Ләззаттың сөзінше, ол Түркияда оқып жүрген кезінде Омар Жәлел оны Астанаға көшіріп әкелген. Әуежайдан бірінші әйелі Меңдігүлмен бірге қарсы алған. Бірінші жұбайы танысқанда шарт қойыпты: «Бала туғанға дейін ешкімге айтпаймыз, әке-шешеңнің алдына бармаймыз».
Мені бір суррогат ана сияқты көргендей сөйледі. “Бірінші балаңды табасың, әрі қарай қараймыз” деді. Бірақ Омармен сөз байласқанда “Елге келген соң әке-шешеңнің алдына барамыз” деп айтқан еді. Екінші әйел болып келгендер көбіне туған-туыстар мен достардың теріс пікірін тудырады. Сол себепті мен шартқа келіспедім, – деді Ләззат.
Ол сондай-ақ, Омартан үшінші және төртінші әйел алғанын, бірақ бұл қылығының себебін «Балалар аяққа тұрғанша қартайып қаламын, кейін мысық та бір жерін көрсетпейді» деп түсіндіргенін айтты.
Мырзаштың айтуынша, ажырасқаннан кейін Омартан балаларымен байланысын үзбейтінін уәде бергенімен, бір жылдан астам уақыт бойы хабарласпаған.
