Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Енді не істеймін, қайда барамын?» – Жұлдыз Әбдікәрімова жан сырын бөлісті

Ашық дерекөзден

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне және оқырмандарына қуанышты жаңалық жеткізді. Ол бірнеше жыл жалдамалы пәтерде тұрғаннан кейін, ақыры өз жаңа үйіне көшкенін хабарлады.

Әртіс өткен жылдардағы қиындықтарын еске алып, эмоциялық жазба қалдырды:

5 жыл жалдамалы пәтерде тұрдық. Оның 2 жылы – жаңа үйге көшеміз деген үмітпен, кейінгі 3 жылы – “енді не істеймін, қайда барамын, қалай болмақ?” деген уайыммен өтті. Оңай болды деп айта алмаймын. Аллаға шүкір, әр қиындықтың артында бір жақсылық бар екен. Өз үйімізге көштік. Сіздерге ақшалай шашуымды шашамын, – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары актрисаның шынайы қуанышын құттықтап, жылы лебіздерін жаудырды.

Ұқсас жаңалықтар

Ерке Есмахан «қыз туып ал» деген оқырманына ашық жауап берді

Redaktor

Тұрсынбектің екінші әйелі үшінші баласына аяғы ауыр – желі қолданушысы

Redaktor

Сәкен Майғазиевтің келіні Әдияның немен айналысатыны белгілі болды

Redaktor