Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Халықаралық басылым Дастан Сәтпаевтың ойынына талдау жасап, жоғары баға берді

"Қайрат" ФК

«Қайрат» және Қазақстан құрамасының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың Лондонның «Челси» клубына ауысуы жоғары бағаланды. Халықаралық Skiller порталы оның дамуын жан-жақты талдап, жас ойыншыны уақытында байқап, дұрыс бағытта дайындаған «Челси» селекциясын мақтады.

Сәтпаев өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында 14 гол соғып, лиганың екінші нәтижелі ойыншысы атанды. Барлық турнирде 41 матч өткізіп, 19 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Сарапшылар оның прогресін аймақтың ең әлеуетті жас шабуылшыларының бірі деп бағалайды.

Екі клуб арасындағы келісім биыл ақпанда жасалған. 17 жасар Дастан 2026 жылғы жазда, 18 жасқа толғаннан кейін лондондық клубқа қосылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық екінші боксшы Азия чемпионатынан шығып қалды

Redaktor

Boxam Elite-2026: Бүгін 9 қазақ боксшысы финалда жұдырықтасады

Redaktor

Қазақстан бокстан Азия жасөспірімдер ойындарында өзбектерден қалып қойды ма?

Redaktor