Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Қайрат Нұртастың қызы анасының отбасылық өміріне көңілі толмайтынын айтты

Фото: https://www.instagram.com/kaalau__

Қазақстанның танымал жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың жеке өмірі үнемі ел талқысында жүреді. Бұл жолы көпшіліктің назарын олардың 16 жастағы қызы Алау өзіне аударды.

Жасөспірім Instagram парақшасында фотосессиядан түсірілген қысқа видеосын жариялап, жүрекке әсер ететін жазба қалдырған:

Біздің аналарымыз – өз еркіндігі, бақыты мен өмірін ер адам үшін құрбан еткен соңғы ұрпақ. Бұл дәстүр солармен бірге аяқталсын, – деп жазды Алау.

Бұл пікір желі қолданушылары арасында үлкен талқылау туғызды. Пікір қалдырушылар екіге бөлінді: бірі Алаудың сөзі мен стиліне сын айтса, екіншілері оны ойлы, саналы көзқарас білдірген жас буынның өкілі деп қолдады.

Ұқсас жаңалықтар

Бағдат Әшімова ауызашарда Асанәлі Әшімовті еске алып, көз жасына ерік берді

Redaktor

Асанәлі Әшімов өмірден ерте кеткен ұлының қызын өз қолымен ұзатты

Redaktor

 Роза Рымбаева екінші рет тұрмыс құрмау себебін ашып айтты

Redaktor