Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Студияда емес!» Арман Дүйсеновтің қазасына қатысты жаңа мәлімет шықты

Танымал композитор, марқұм Арман Дүйсеновтің әйелі күйеуінің өліміне қатысты тың деректерді жария етті.

Ол бұл жайында журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында айтты.

Айсұлудың айтуынша, Арман Дүйсенов әнші Индира Елеместің бұрынғы күйеуіне тиесілі зауытта көз жұмған.

«Міне, осы зауытта қайтыс болды. Осында ұлым Абылай екеуміз келіп, баспалдақпен жоғары қарай көтерілдік. Фельдшерлермен бірге кірдік. Сол кезде Сәкен, Мейрамбек Беспаев, Ғазизхан, Ринат Зайытов та келді», – деді ол.

Марқұмның денесінде ешқандай ұрып-соғу іздері болмағанын, арнайы сот-медициналық сараптама толық тексергенін айтты. Сонымен қатар ол Индира Елеместің «студияда қайтыс болды» деген мәлімдемесін жоққа шығарды.

«Студияда қайтыс болған жоқ. Күйеуім осы зауытта қайтыс болды. Одан “неге олай сұхбат бердің?” деп сұрағанымда маған жауап бермеді. Жұлқынып менімен ұрысып кетті», – деді Айсұлу.

Ұқсас жаңалықтар

Атақ үшін 5 мың доллар сұрады — Алмат Сақатов

Redaktor

Бақыт Тұрман продюсер Мөлдір Мұқановамен арақатынасы жайлы ашық айтты

Redaktor

Сәкен Майғазиевтің келіні қуанышты жаңалығын айтты

Redaktor