Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Ақтөбе» мен «Тобылдың» бұрынғы шабуылшысы Өзбекстанда үздік футболшы атанды

Фото: FC Pakhtakor

Ташкенттің «Пахтакор» клубының шабуылшысы Игорь Сергеев 2025 жылғы Суперлига маусымының ең үздік ойыншысы болып танылды.

32 жастағы футболшы маусым бойы 29 матчқа шыққан және 20 гол соғып, командасының чемпионатта күміс жүлде жеңіп алуына елеулі үлес қосты. Осы көрсеткішімен ол Суперлиганың үздік сұрмергені атағын да жеңіп алды.

«Жыл футболшысы» атағы үшін дауыс беруде Сергеев «Соғдиёна» шабуылшысы Лупчо Дориев пен «Нефтчи» жартылай қорғаушысы Жамшид Искандеровтан озды.

Айта кетейік, Игорь Сергеев 2021-2023 жылдары Қазақстан чемпионатында өнер көрсеткен. 2021 жылы «Ақтөбе» сапында 18 матчқа қатысып, 7 гол соққан. Кейін «Тобыл» құрамында 45 ойында алаңға шығып, 17 мәрте мергендік танытқан. Сондай-ақ 2021 жылы Сергеев «Тобылмен» бірге Қазақстан чемпионатында топ жарған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Президент Кубогына қатысатын құрамын жариялады

Redaktor

«Отбасым үшін емес»: Жәнібек Әлімханұлы маңызды айқас алдында рингке не үшін шығатынын айтты

Redaktor

Көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына билеттер сатыла басталды

Redaktor

Пікір жазу